Светлана Геннадьевна Карстина — физика-математика ғылымының докторы (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1971 жылы 26 ақпанда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1992, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), аспирантурасын (1996) бітірген. 1992-93 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші, 1996-2004 жылдары оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, 2004-2021 жылдар университеттің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жəне халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы. 2021 жылдан университеттің Физика және нанотехника кафедрасының профессоры.Europass CV.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты: конденсатталған күйдегі физика, молекулалық спектроскопия, бейсызықтық физика, наноқұрылымдық материалдағы фотопроцестер. "Фрактальді ортадағы айырбас-резонанс фотопроцестерінің динамикасы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 98 ғылыми еңбектің авторы.

Марапаттары Қазақстар Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Физика-техникалық факультет. Физика және нанотехнологиялар кафедрасы.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары