нобай|305x305 нүкте|Laufey, 2021 жыл Лёйвей Линь Бин Йоунсдоуттир (, 23 сәуір 1999, Рейкьявик), сахналық есімі — Laufey — исландиялық әнші және музыкант. Ол 2020 жылдардың басында джаз бен поп орындаушысы ретінде танымал болды.

Өмірбаяны Ерте өмірі және білімі Лёйвей 1999 жылғы 23 сәуірде Исландияның астанасы Рейкьявик қаласында дүниеге келген. Оның әкесі — Исландия азаматы, ал анасы — Гуанчжоудан шыққан қытай әйел. Анасы — классикалық скрипкашы, ал нағашы атасы Лин Яоцзи Қытайдағы Орталық музыка консерваториясында скрипка мұғалімі болған, бұл Лёйвейдің айтуынша, оны музыкамен айналысуға шабыттандырған. Лёйвей мен скрипкашысы және шығармашылық директоры Джуния Линь Йоунсдоуттир — егіз қыздар. Ол 2008 жылы Рейкьявикке оралмас бұрын екі жыл Вашингтонда тұрып, онда Хатейгссколиде оқыған. Лёйвей төрт жасында фортепианода, ал сегіз жасында виолончельде ойнауды үйрене бастаған. Ол 2018 жылы Рейкьявиктегі орта мектептің музыка мектебін (MÍT) бітірді, онда ән айтуды да үйренді. Ол балалық шағын Рейкьявик пен Вашингтон арасында көшіп-қонып, сонымен қатар Бейжіңге барумен өткізді.

Мансабы 15 жасында Исландия симфониялық оркестрінде виолончельші ретінде өнер көрсеткеннен кейін, Лёйвей 2014 жылы Got Talent франшизасының исландиялық нұсқасы – Ísland Got Talent байқауының финалисі, ал келесі жылы The Voice франшизасының исландиялық нұсқасы, The Voice Ísland байқауының жартылай финалисі болды.

2020 жылғы 6 сәуірде Лёйвей өзінің дебюттік синглы «Street by Street» әнін шығарды, ол RÚV чартында бірінші орынға көтерілді. Содан кейін ол 2021 жылғы 30 сәуірде өзінің алғашқы «Typical of Me» мини-альбомын шығарды, оны ол «сәбиіне» теңейді. Оған «Street by Street» және тағы алты ән кіреді, олардың көпшілігі оның колледж жатақханасында жазылған. Rolling Stone журналы оның «I Wish You Love» әнін орындауын ерекше жоғары бағалады. American Songwriter баспасы бұл мини-альбомды 2021 жылдың ең үздік альбомдарының тізіміне қосты. Сонымен қатар, «Typical of Me» әні Билли Айлиш сияқты белгілі музыканттардың назарын аударды.

Оның алғашқы альбомы Everything I Know About Love 2022 жылғы 26 тамызда AWAL арқылы жарияланып, жоғары бағаланды. Billboard Alternative New Artist Album чартында бірінші орынға көтерілді.

Дискографиясы Everything I Know About Love (2022) Bewitched (2023) A Matter Of Time(2025)

Номинациялары мен марапаттары Сыйлық Жыл Жұмыс Номинация Нәтиже Грэмми 2024 Bewitched Ең үздік дәстүрлі поп-вокалдық альбом Жеңді Исландиялық музыкалық марапаттар 2024 Herself Жылдың поп, рок, хип-хоп және электроника орындаушысы Жеңді Жылдың үздік поп, рок, хип-хоп және электронды вокал өнері Грэмми 2026 ж. A Matter of Time Ең үздік дәстүрлі поп-вокалдық альбом Жеңді

Дереккөздер

Санат:Рейкьявикте туғандар Санат:1999 жылы туғандар Санат:23 сәуірде туғандар Санат:Исландия әншілері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері