Жаңа Оңтүстік Уэльс () — Аустралия мемлекетінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, елдің ең көне әрі халқы ең тығыз қоныстанған штаты.Жаңа Оңтүстік Уэльс
Халқы 8414000 миллион адамды құрайды. Астанасы және ең ірі қаласы — Сидней. Сонымен қатар ірі қалаларына Ньюкасл, Вуллонгонг, Вагга-Вагга және Олбери жатады.
География Штаттың аумағы шамамен 800 642 км².ЖАҢА ОҢТҮСТІК УЭЛЬС Солтүстігінде Квинсленд, оңтүстігінде Виктория, батысында Южная Австралия штаттарымен шектеседі, ал шығысында Тасман теңізі шайып жатыр. Штат аумағы арқылы Үлкен Суайырық жотасы өтеді, ол табиғи түрде жағалаулық және ішкі аймақтарды бөліп тұрады.
Ұлттық қорықтар Жаңа Оңтүстік Уэльсте 780-нен астам ұлттық парк пен қорық бар. Олардың ішінде Корольдік ұлттық парк (Австралиядағы алғашқы ұлттық парк) және Косцюшко ұлттық паркі (ең ірісі) ерекше маңызға ие. Сондай-ақ Көк таулар аймағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.
Тарихы Бұл аймақты алғаш еуропалықтар 1770 жылы зерттеген, оны ағылшын теңізшісі Джеймс Кук ашқан. 1788 жылы Бірінші флот келіп, Порт-Джексон шығанағында алғашқы қоныс құрды, кейін бұл Сидней қаласына айналды. Бастапқыда бұл аймақ каторждық колония болған.
Жаңа Оңтүстік Уэльс аумағында адамдар 40–60 мың жыл бұрын пайда болған, олар — австралиялық аборигендер. Бүгінде штат экономикалық, мәдени және туристік тұрғыдан Аустралия елінің ең маңызды өңірлерінің бірі болып саналады.
Дереккөздер