«Андреевкаға 2000 метр қалды» () — режиссёрі Мстислав Чернов болған 2025 жылғы деректі фильм. Сюжеті Орыс-украин соғысы барысындағы Чернов, Алекс Бабенко мен Андреевканы орыс күштерінен азат етпек болған украин әскерилері жайлы.
Фильмнің тұсаукесері 2025 жылғы Сандэнс кинофестивалінде 23 қаңтарда орын алды. 25 шілдеде ол көмегімен Америка Құрама Штаттарының кинотеатрларында шектеулі түрде көрсетілім көрді. Желтоқсаннан ол ашық түрде көрінетін болды. 28 тамызда ол Украинаның кинотеатрларында көрсетілді.
2026 жылғы Оскар сыйлығын марапаттау рәсімінде бұл фильм Украина атынан Үздік халықаралық толықметражды фильм үшін Оскар сыйлығына ұсынылды, алайда номинация алмады.
Сюжеті thumb|238x238px|2025 жылғы Сандэнс кинофестиваліндегі Алекс Бабенко
Украин журналистері Мстислав Чернов пен Алекс Бабенко украин 3-жеке шабуылдаушы бригадасы взводымен бірге жүріп, олардың 2023 жылғы Андреевканы азат ету операциясын бақылайды. Бұл Ресейдің Украинаға басып кіруіне екі жыл болғанда түсірілген болатын.
Фильмнің біраз бөлігі әскерилер дене камераларынан алынған материалдан тұрады. Ол арқылы біз шайқасып жатқан украин әскерін, Донецк облысындағы басқыншылығын жасаған орыс әскерін көре аламыз.
Соғыс нәтижесінде ауыл толығымен қирады, тұрғындарының бәрі де көшіп кетті.
Шығарылымы Андреевкаға 2000 метр қалды фильмінің дүние жүзі тұсаукесері 2025 жылғы 23 қаңтардағы Сандэнс кинофестивалінде орын алды. Фестивальде ол әлем киносы деректі фильмі бойынша режиссёр сыйлығына ие болды.2000 Meters to Andriivka — Sundance Фильмнің халықаралық сатылымына жауапты болды. 2025 жылғы 30 наурызда фильм Копенгаген халықаралық деректі фильм фестивалінде тергеушіл журнализм жанрындағы үздік деректі фильм категориясында сыйлық ұтты. Әділқазылар «F:ACT сыйлығын қақтығыстың бізге жақындығынан беріп тұрған жоқпыз. 'Андреевкаға 2000 метр қалды' фильмі шынымен де фильм жасаудың жауһары: соғыстың ұмытылмас, көпдеңгейлі көрсетілімі» деді. 2025 жылғы 27 шілдеде фильм көмегімен Америка Құрама Штаттарының кинотеатрларында шектеулі көрсетілім көрді. Кейін ол желтоқсанда арқылы да көрсетілді.
Фильмнің украиналық тұсаукесері 2025 жылғы маусымда Киевтегі DocuDays UA кинофестивалінде өтті. Фильм DocuWorld номинациясындағы басты марапатқа және тағы екі сыйлыққа: Right Now! мен Audience Award сыйлықтарына ие болды.
Фильм тағы 2025 жылғы Канн кинофестиваліне таңдалды. Ол, оған қоса, Карловы Варыдағы халықаралық кинофестивальдің Horizons (Көкжиектер) бөлімінде де көрсетілді. Ол DocAviv халықаралық деректі фильм кинофестивалінде де жеңді (Тель-Авив).
Фильм 2025 жылғы Стокгольмдағы халықаралық кинофестивальдағы Стокгольм деректі фильм сайысында жеңді.
Фильм 2026 жылғы Оскар марапаттау рәсімінде Украина атынан Үздік деректі толықметражды фильм атағы үшін жарысты, Үздік халықаралық толықметражды фильм жарысына ұсынылды. Фильм Үздік деректі толықметражды фильм категориясында 2025 жылғы Готэм сыйлығына, Үздік деректі фильм категориясындағы BAFTA сыйлығына ұсынылды.
Көрермен қабылдауы Rotten Tomatoes сайтының ақпаратынша 42 сыншының 93% фильм жайлы оң пікір айтты.
Марапаттары Марапаты / Фильм фестивалі Рәсім күні Категориясы Ұсынылған Нәтижесі Сандэнс кинофестивалі Жюрилер гранд-сыйлығы – Әлем деректі фильмдер сайысы Режиссёрі сыйлығы: Әлем деректі фильмдер сайысы CPH:DOX F:ACT Award Стокгольмдағы халықаралық кинофестиваль Үздік деректі фильм Готэм сыйлығы Үздік толықметражды деректі фильм BAFTA Үздік деректі фильм
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер IMDb сайтындағы Андреевкаға 2000 метр қалды
Санат:2025 жылғы фильмдер Санат:2025 жылғы АҚШ фильмдері Санат:2025 жылғы Украина фильмдері Санат:2025 жылғы деректі фильмдер Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі жайлы деректі фильмдер Санат:Украина деректі фильмдері