«Ана үйі» (Дом мамы) — Қазақстандағы әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға және балалар үйлерінің санын азайтуға бағытталған қайырымдылық жобасы. Жоба толығымен қазақстандық бизнес өкілдерінің жеке қаражаты есебінен жұмыс істейді. Жобаның негізін 2013 жылы «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахимбаев және жары Анар Рахимбаева қалаған болатын. Ол 2025 жылы «Forbes Woman Kazakhstan» нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 25 әйелдің рейтингіне енді.

«Ана үйі» — бұл қиындыққа тап болған әйелдер баласымен бірге уақытша тұра алатын, тамақпен, баспанамен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілетін дағдарыс орталығы. Мұнда аналар жаңа кәсіп үйреніп, әлеуметтік бейімделуден өтеді.

«Ана үйі» ресурстық орталықтары балаларды интернаттық мекемелерге орналастыруды азайтуға бағытталған. «Ана үйі» қолында жаңа туған нәрестемен қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға, сондай-ақ баласынан бас тарту қаупі бар отбасыларға көмек көрсетеді. «Ана үйі» жобасының мақсаты ананың сәбиін тастап кетуіне жол бермеу және баланы туған отбасында қалдыру. Бүгін Қазақстанның 18 қаласында 21 Ана үйі жұмыс істейді. Балалар интернаттарынан 1 071 бала туған отбасына қайтарылды. Мемлекет бір баланы 18 жасқа дейін асырауына 27 млн теңге жұмсайды, «Ана үйінде» ана мен баланы 18 ай бойы оңалтуға 1,8 млн теңге жұмсалады. Жалпы, жоба мемлекет бюджетіне 30 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеген.

Тарихы мен идеясы 2013 жылы «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахимбаев және жары Анар Рахимбаева жобаның бастамашысы болып, қордың негізін қалады. Жобаның идеясы қиын жағдайға тап болған және баласынан бас тарту алдында тұрған жалғызбасты аналарға жүйелі көмек көрсетуден басталды. Алматы мен Астана қалаларында алғашқы үйлер ашылды.

Айдын Рахимбаев үзеңгілес достары мен кәсіпкер таныстарына әрқайсысы өз туған жерінде немесе бизнес жүргізіп отырған аймағында бір-бір «Ана үйін» ашуды ұсынды. Бұл бастама қысқа мерзімде бүкіл елді қамтитын ірі желіге айналды.

Жобаның алғашқы жылдарындағы нәтижелер бойынша:

Асхат Омаров пен Бауыржан Исабаевтың қолдауымен Астанада ашылған орталықтар ең көп ана қабылдады (144 бала мен ана). Нұрәлі Әлиев пен Сержан Жұмашовтың Қарағанды облысында 78 бала қабылдады. Дінмұхамет Идрисов қаржыландыратын Шымкент қаласындағы орталық 68 сәбиді анасымен қалдырды. Дәурен Жақсыбек Қостанай және Петропавл қалаларындағы орталықтарында 43 балаға көмек көрсетті. Исламбек Салжанов Ақтөбе және Орал қалаларында 40 бала өз анасының қасында қалды. Айдын Рахимбаевтың Өскеменде 40 балаға пана болды. Мұрат Әбдірахманов (24 бала), Вячеслав Ким (25 бала) және Ғалымжан Есенов (13 бала) Алматыда патронаттық етеді. Эдуард Ким (Талдықорған – 25 бала), Қайрат Шарипбаев (Тараз – 26 бала), Виктор Кремер (Көкшетау – 13 бала), Абай Жұмағұлов (Атырау – 6 бала). Қайрат Мәжібаев барлық өңірлердегі орталықтарды сүт өнімдерімен қамтамасыз етсе, Тұрсынғали Алагөзов, Арманжан Байтасов, Ермек Ашкенов және Ильдар Әбдіразақов қаржылық, ақпараттық және заңгерлік тұрғыдан жүйелі қолдау көрсетіп келеді.

2023 жылдан бастап қазақстандық әлеуметтік модель халықаралық деңгейге шықты. Халықаралық нарықта жоба Mother's Home International Foundation (MHIF) деп аталады. Қордың құрылтайшылары — Айдын Рахимбаев пен «inDrive» компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский. Қордың қамқоршылық кеңес төрайымы ретінде Анар Рахимбаева қызмет етеді. Жобаның халықаралық деңгейге шығуына inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскиймен жасалған серіктестік үлкен серпін берді. inDrive командасы қорға талдау, заңнаманы реттеу, мүдделі тараптармен байланыс орнату бағыттары бойынша қолдау көрсетеді.

2023 жылдың жазында Айдын және Анар Рахимбаевалардың бастамасымен Украинада «Будинок мами» атты алғашқы орталық ашылды.

Өзбекстанда жоба мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігімен тығыз жұмыс істейді. 2024 жылы Ташкент пен Самарқандта алғашқы 3 орталық ашылды. Кейіннен жергілікті меценаттардың қолдауымен орталықтар саны 10-ға жетті (оның ішінде Нүкіс, Бұхара, Әндіжан қалалары бар).

2025 жылдың шілде айында «Ана үйі» жобасы Гарвард бизнес мектебінің (Harvard Business School) оқу базасына ресми түрде енді. Профессор Борис Гройсберг пен Аннелена Лоббтың авторлығымен «Mother’s Home: Eradicating Social Orphancy in Kazakhstan» («Ана үйі: Қазақстандағы әлеуметтік жетімдікті жою») атты зерттеу кейсі жарық көрді. Бұл кейсте қазақстандық қордың интернаттардағы балалар санын қалай азайтқаны және басқару, аудит, халықаралық экспансия тұрғысынан модельді қалай жүйелі технологияға айналдырғаны талданған.

Өзбекстанда қазіргі уақытта «Ona Uyi» атауымен 8 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Соңғы орталықтардың бірі 2026 жылы Нүкіс қаласында (Қарақалпақстан) жергілікті кәсіпкер Шухрат Эргашевпен бірлесіп ашылды. 2026 жылы 13 наурызда Бішкекте «Эне Үйү» Қырғызстандағы алғашқы ресурстық орталық ашылды.

Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік Рахимбаевтар отбасы бастапқыда 4 жасар қыз баланы бауырына басуды жоспарлаған болатын. Алайда балалар үйіне барған сәтте олар сол қыздың өзінен үлкен 8 жасар ағасы мен 11 жасар әпкесі бар екенін біледі. Заң бойынша бауырларды бір-бірінен ажыратуға болмайтындықтан, ерлі-зайыптылар қиын таңдау алдында тұрды. Сол күні кешкісін отбасылық кеңесте үш баланы да бірдей асырап алу туралы шешім қабылданады.

Балаларды үйге әкелгеннен кейін Рахимбаевтар Қазақстандағы бала асырап алу процесінің қаншалықты күрделі әрі ұзақ екеніне тап болады. Құжаттарды рәсімдеу, сот процестері мен сараптамалар бір жылға созылған. Осы қиындықтарды өз басынан өткерген кәсіпкер бұл мәселені жүйелі түрде шешу қажеттігін түсінеді.

Айдын Рахимбаев бұл жағдайды «Ана үйі» жобасының басқа да меценаттарымен талқылап, нәтижесінде әлеуетті асырап алушыларға заңгерлік және психологиялық көмек көрсететін қызмет құруды ұсынады. Бұл бастама уақыт өте келе Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттікке (БАҰА) айналды.

2018 жылы 28 қараша өткен Азаматтық форумда Айдын Рахымбаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ана үйі» жобасының аясында 2016 жылдан бастап «Асырап алуды қолдау орталығы» (Центр поддержки усыновления) атты ауқымды бастама іске қосылғандығын баяндады. Бұл бағыт мемлекеттік балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілерді отбасыларға орналастыру процесін жеңілдетуге және кәсіби сүйемелдеуге арналған.

2020 жылы «Ана үйі» қоры мен Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттікті (БАҰА) ұстап тұруға бизнесмендердің қаражатынан 850 млн теңгеден астам инвестиция бағытталады.

Құрылымы Қолдаушы меценаттар (2016) Меценат Лауазымы Қамқорлыққа алынған өңірлерАйдын РахимбаевBI Group басшысы (жоба бастамашысы)Астана, Өскемен, СемейДінмұхамет ИдрисовOrdabasy Group бақылау кеңесінің төрағасыШымкентВячеслав КимKaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасыАлматыНұрлан СмағұловAstana Group басшысыЖезқазғанНұрәлі ӘлиевКәсіпкерАлматы, Орал, Қарағанды, ҚызылордаДәурен Жақсыбек«Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасыҚостанай, Петропавл, СемейИсламбек Салжанов«Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысыАқтөбеҚайрат Шарипбаев«ҚазТрансГаз» АҚ бас директорыТаразЭдуард Ким«Технодом» желісінің иесіТалдықорғанБауыржан ИсабаевBI Group директорлар кеңесінің мүшесіАстанаГалимжан Есенов«АТФБанк» АҚ акционеріАлматыТұрсенғали АлагөзовGalanz Bottlers директорлар кеңесінің төрағасыАлматыОрифджан ШадиевENRC Logistics басқарма төрағасыАтырауАлдияр ҚазтаевERG бас атқарушы директорыПавлодарСергей НұртаевКәсіпкерАқтау Дереккөздер

Санат:Қайырымдылық қорлары