Әбдірахым би (1697–1733) — 1722 жылдан бастап билік құрған Қоқан хандығындағы өзбектердіңBosworth C. E. The new Islamic dynasties. A chronological and genealogical manual. N.Y., 1996. Р. 295 Мың әулетінен шыққан екінші билеуші.

Саясаты ​Әбдірахым би Шахрух бидің үлкен ұлы болды. Ол әкесі қайтыс болғаннан кейін таққа отырды.

Оның билігі кезінде Қоқан хандығының құрамына Хожант пен Әндіжан кірді. Бастапқыда Әбдірахым би Хожантты бейбіт жолмен бағындыруға тырысты, бірақ қала билеушісі — өзбектің жүз руынан шыққан Ақбота би бейбіт келіссөздерден бас тартып, көп ұзамай қаза тапты.

Әбдірахым би мың руынан шыққан өзбек билеушілерінің ішінде Ақсақ Темірге еліктеп, тарихшылар тарапынан алғаш рет «сахибқиран» деп аталды.Бабаджанов Б.М., Кокандское ханство: власть, политика, религия. Токио-Ташкент, 2010, с.105.

Бұдан кейін Әбдірахым би Самарқанды бағындыруға әрекет жасап, Шахрисабздың өзбек кенегес руынан шыққан билеушілерімен одақ құрды. 1732 жылы Әбдірахым би Самарқанды басып алды.

Мемлекеттің астанасы түпкілікті Қоқан болды. Мұнда жаңа бекініс салынып, ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қаза табуы ​Алайда 1733 жылыБабаджанов Б.М., Кокандское ханство: власть, политика, религия. Токио-Ташкент, 2010, с.101 қастандық нәтижесінде ол өлтірілді және мемлекеттегі билік оның інісі Әбдікәрім биге көшті. Әбдікәрім би Аштархан әулетінің ықпалында болды.

Әдебиет История Узбекистана. Т.3. Т.,1993. История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. Ташкент, 1990

Дереккөздер

Санат:Мың әулеті Санат:Қоқан хандары