right|thumb|National Film Registry логотипі АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі () — АҚШ Конгресс кітапханасында сақтау үшін Фильмдерді сақтау жөніндегі ұлттық кеңес (NFPB) таңдап алған фильмдер тізімі.

1988 жылы Тізілім құрылғаннан бері оған жыл сайын дауыс беру қорытындысы бойынша мәдени, тарихи немесе эстетикалық маңызы бар әрі түсірілгеніне кемінде он жыл болған 25 фильм қосылып отырады. Тізілімге толық метражды және қысқа метражды көркем, деректі және анимациялық фильмдер, сондай-ақ әуесқойлық видеолар енгізілуі мүмкін.

Тізімдегі ең ескі туынды — «Ньюарктық атлет» (1891), ал ең жаңасы — «Гранд Будапешт қонақ үйі» (2014).

2026 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша, тізілімде 925 фильм бар. Тарихы 1980-жылдары АҚШ-тағы Фрэнк Капра мен Мартин Скорсезе сияқты бірқатар танымал киногерлер мен сала өкілдері Конгрестен классикалық фильмдерді сақтау туралы заң қабылдауға шақырды. Олар классикалық туындылардың коммерциялық мақсатта өзгертілуін (мысалы, кадр форматын өзгерту немесе теледидар үшін монтаждау) өнерге жасалған қиянат деп санады. Әсіресе, сол онжылдықта бастапқыда ақ-қара түсті болған фильмдерді бояу (колоризация) төңірегіндегі дау-дамайға жауап ретінде Өкілдер палатасының мүшелері Роберт Дж. Мразек пен Сидни Р. Йейтс 1988 жылғы «Фильмдерді сақтау туралы ұлттық актіні» ұсынды. Бұл құжат Фильмдердің ұлттық тізілімін, оның мақсаты мен фильмдерді таңдау критерийлерін бекітті.

Акт қабылданып, тізілімнің миссиясы кейіннен Конгрестің 1992, 1996, 2005, 2008 және 2016 жылдардағы заңдарымен қайта бекітілді. Тізілім де үлес қосатын Фильмдерді сақтау жөніндегі ұлттық кеңестің (NFPB) негізгі мақсаты — Американың кино мұрасын сақтау, қорғау және оның халыққа қолжетімділігін арттыру. 1996 жылғы заң сонымен қатар NFPB-мен байланысты, бірақ жеке сектордан қаражат жинайтын коммерциялық емес «Фильмдерді сақтау жөніндегі ұлттық қорды» құрды.

Тізімге енген фильмдер әдетте жылдың соңғы тоқсанында, көбіне желтоқсанның ортасында немесе аяғында жарияланады. Тек 2025 жылы АҚШ-тағы федералды үкіметтің жұмысы тоқтатылуына байланысты бұл мерзім сақталмады, сондықтан сол жылғы таңдалған фильмдер ресми түрде 2026 жылдың 29 қаңтарында жарияланды.

Тізілім

Дереккөздер

Санат:АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі Санат:Фильмдер тізімі Санат:АҚШ кинематографы Санат:Конгресс кітапханасы