thumb|upright=1|right|«Жел өтіндегі тағдырлар» жиырма бес жыл бойы ең табысты фильм рекордын иеленіп келді және инфляцияны есепке алғанда, ол тарихтағы кез келген басқа фильмнен көп табыс тапқан. Фильмдер табысты кинопрокат, бейнеөнімдерді сату мен жалға беру, мерчандайзинг, сондай-ақ телекөрсетілім мен стриминг құқықтарынан табады. Соған қарамастан, деректердің ашықтығы мен қалыптасқан дәстүрге байланысты, туындының коммерциялық жетістігін бағалауда кинотеатрлық кассалық түсім негізгі көрсеткіш болып қала береді. Бұл мақалада кинематограф тарихындағы ең табысты фильмдердің рейтингі (номиналды құны және инфляцияны ескергендегі нақты құны бойынша) ұсынылған.

Өзге дереккөздер айтылмаған жағдайда, барлық кестелер Box Office Mojo сайтындағы халықаралық кассалық көрсеткіштерге сүйеніп түзілген.

Бұрын мюзиклдер, соғыс фильмдері мен тарихи драмалар ең танымал жанрлар саналса, XXI ғасырда кассалық табыс жағынан кинофраншизалар алға шықты. Қазіргі уақытта олардың ішінде суперқаһармандар туралы туындылар көш бастап тұр. Тізімдегі фильмдердің басым бөлігі ремейктер мен сиквелдер болғанына қарамастан, рейтингтің ең жоғарғы сатысында «Аватар» (2009) атты жеке туынды орналасқан.

Инфляция ХХ ғасырдың ортасындағы хит туындылардың табысын айтарлықтай «жеп қойғанымен», сол дәуірде басталған кейбір кинофраншизалар әлі де танымалдылығын жоғалтқан жоқ. Кезінде рекорд орнатқан ескі фильмдердің кейбірі қайта прокатқа шығу арқасында қазіргі блокбастерлермен әлі де иық тірестіріп келеді. Дегенмен, фильмдердің басым бөлігі бүгінгі билет бағасының тым қымбаттығына байланысты бұл бәсекеге төтеп бере алмайды. Соған қарамастан, инфляция деңгейін нақты есептесек, 1939 жылы жарық көрген «Жел өтіндегі тағдырлар» фильмі әлі күнге дейін әлемдік кино тарихындағы ең табысты туынды болып қала бермек.

Ең табысты фильмдер

+ Ең кассалық фильмдер Орын Шың Атауы Әлемдік түсім Жыл 11 Аватар $2,923,710,708 2009 21 Кек алушылар: Финал $2,797,501,328 2019 33 Аватар: Су жолы $2,334,484,620 2022 41 Титаник $2,257,844,554 1997 55 Нэчжа 2 $2,215,690,000 2025 63 Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы $2,068,223,624 2015 74 Кек алушылар: Шексіздік соғысы $2,048,359,754 2018 86 Өрмекші-адам: Үйге қайтар жол жоқ $1,922,598,800 2021 99 Аңдар шаһары 2 † $1,866,647,950 2025 108 Ойжұмбақ 2 $1,698,863,816 2024 113 Юра кезеңінің әлемі $1,671,537,444 2015 127 Арыстан Патша $1,656,943,394 2019 133 Кек алушылар $1,518,815,515 2012 144 Форсаж 7 $1,515,341,399 2015 1511 Топ Ган: Мэверик $1,495,696,292 2022 1616 Аватар: От пен күл † $1,485,943,609 2025 1710 Мұзды өлке 2 $1,450,026,933 2019 1814 Барби $1,447,138,421 2023 195 Кек алушылар: Альтрон дәуірі $1,402,809,540 2015 2015 Супер Марио ағайындылар $1,360,879,735 2023 219 Қара қабылан $1,347,280,838 2018 223 Хәрри Поттер мен Ажал сыйлары: 2-бөлім $1,342,351,173 2011 2320 Дэдпул мен Росомаха $1,338,073,645 2024 249 Жұлдызды соғыстар: Соңғы джедайлар $1,332,539,889 2017 2512 Юра кезеңінің әлемі 2 $1,308,476,166 2018 265 Мұзды өлке $1,274,219,009 2013 2710 Сұлу мен Құбыжық $1,263,521,126 2017 2815 Суперотбасы 2 $1,242,805,359 2018 2911 Форсаж 8 $1,238,764,765 2017 305 Темір адам 3 $1,214,811,252 2013 3110 Миньондар $1,159,444,662 2015 3212 Капитан Америка: Азамат соғысы $1,153,337,496 2016 3320 Аквамен $1,148,528,393 2018 342 Сақиналар әміршісі: Патшаның оралуы $1,147,997,407 2003 3524 Өрмекші-адам: Үйден жырақта $1,132,679,685 2019 3623 Капитан Марвел $1,128,274,794 2019 375 Трансформерлер: Айдың қараңғы беті $1,123,794,079 2011 387 Скайфолл $1,108,594,137 2012 3910 Трансформерлар: Жойылу дәуірі $1,104,054,072 2014 407 Қара сері: Жандану $1,081,169,825 2012 4131 Джокер $1,074,458,282 2019 4232 Жұлдызды соғыстар: Скайуокер. Жандану $1,074,144,248 2019 4330 Ойыншықтар хикаясы 4 $1,073,394,593 2019 444 Ойыншықтар хикаясы 3 $1,066,970,811 2010 453 Кариб теңізінің қарақшылары: Өлген адамның сандығы $1,066,179,747 20064644 Моана 2 $1,059,242,164 2024 4720 Күрескер-бір: Жұлдызды соғыстар хикаясы $1,057,420,387 2016 4834 Аладдин $1,050,693,953 2019 492 Жұлдызды соғыстар: Эпизод I - Жасырын қауіп $1,046,515,409 1999 506 Кариб теңізінің қарақшылары: Бейтаныс жағалауда $1,045,713,802 2011

Инфляцияны есептегендегі ең табысты фильмдер + Инфляцияны ескере отырып есептелген ең кассалық фильмдер (2025 жылғы жағдай бойынша) Орын Фильм атауы Әлемдік түсім Жылы 1 Жел өтіндегі тағдырлар $4,519,000,000 1939 2 Аватар $4,007,000,000 2009 3 Титаник $3,313,000,000 1997 4 Жұлдызды соғыстар $3,275,000,000 1977 5 Кек алушылар: Финал $3,165,000,000 2019 6 Музыка дыбыстары $2,732,000,000 1965 7 Жатпланеталық $2,674,000,000 1982 8 Он өсиет $2,535,000,000 1956 9 Доктор Живаго $2,403,000,000 1965 10 Жақтар $2,384,000,000 1975

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Кинематографиялық рейтингтер Санат:Фильмдер тізімі