Алыкул Осмонов (; 21 наурыз 1915, Әулиеата уезі, Сырдария облысы — 12 желтоқсан 1950, Фрунзе) — қырғыз ақыны, драматург, аудармашы.
Өмірбаяны Алыкул Осмонов 1915 жылғы 21 наурызда Каптал-Арық ауылында (қазіргі Шу облысы Панфилов ауданы) дүниеге келген. Ерте жетім қалып, балалар үйлерінде тәрбиеленген. 1933 жылы Фрунзе қаласындағы педагогикалық техникумды бітіріп, журналист болып жұмыс істеген. 1936 жылға дейін «Чабуул» журналы мен «Ленинчил жаш» газетінің редакцияларында қызмет атқарған. 1930 жылдан бастап шығармалары жариялана бастады. 1935 жылы алғашқы өлеңдер жинағы — «Таң әндері» жарық көрді.
Алыкул Осмонов — «Жұлдызды жастық», «Чолпонстан» (екеуі де — 1937), «Махаббат» (1945), «Жаңа әндер» (1949) және басқа да жинақтардың авторы. Балаларға арналған шығармалар жазып, көп аудармалар жасаған.
Ол драматургия саласында да еңбек еткен: «Кооман бақылаушы» (1947), «Абулкасым Жанболотов» (1948), «Меркеге аттану керек» атты драмалық комедия (1949) және басқа пьесалар жазған.
Поэма «Жолбарыс терісін жамылған батыр» Шота Руставели шығармасының Алыкул Осмонов жасаған аудармасы алты рет қайта басылып шыққан. Пушкин, Лермонтов, Крылов және басқа авторлардың шығармаларын аударған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Алыкул Осмонов туберкулез ауруынан 1950 жылы 35 жасында қайтыс болды. Оған қайтыс болғаннан кейін республика Ленин комсомолы сыйлығының бірінші дәрежесі берілді. Қырғызстан Жазушылар одағы Алыкул Осмонов атындағы әдеби сыйлық тағайындады. Бұл сыйлық Қырғызстанда жазушылар арасындағы беделі бойынша үшінші орында тұрды, яғни Бүкілодақтық Ленин сыйлығы мен Токтогул Сатылганов атындағы Қырғыз мемлекеттік сыйлығынан кейінгі орынға ие болды. Ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеу мақсатында 1994 жылы республикалық қоғамдық-әдеби қор құрылды.
Аликул Осмонов атындағы сыйлық лауреаттарының тізімі Заирбек Ажиматов Кожогелди Култегин Сагынбек Ишенов Байдылда Сарногоев Курбаналы Сабыров Памирбек Казыбаев
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Сырдария облысында (Ресей империясы) туғандар Санат:Бішкекте қайтыс болғандар Санат:КСРО ақындары Санат:Қырғызстан ақындары Санат:КСРО драматургтері Санат:Қырғызстан драматургтері Санат:КСРО аудармашылары Санат:Қырғызстан аудармашылары Санат:Алыкул Осмонов Санат:Қырғыз ақындары Санат:Қырғыз жазушылары Санат:Ала-Арча зиратында жерленгендер