«Аполлон 13» — 1995 жылы шыққан америкалық драма.

Сценариі астронавт Джеймс Ловелл мен журналист Джеффри Клугер жазған «Lost Moon» кітабы негізінде жазылды. Онда Айға ұшырылған Аполлон 13 атты миссиясының апатқа ұшырауы және экипаж бен Хьюстондағы басқару орталығының аман қалу үшін күресі туралы баяндалады.

Мол табысқа ие болған бұл фильм көрермендердің де, сыншылардың да көңілінен шықты. Ол 9 «Оскар» номинациясына ілігіп, үздік монтаж және үздік дыбыс үшін екі сыйлықты жеңіп алды. Сонымен қатар BAFTA сыйлығының үздік визуалды әсерлер және үздік суретші жұмысы номинацияларында жеңді.

2023 жылы «Аполлон 13» фильмі АҚШ Конгресс кітапханасының АҚШ фильмдерінің ұлттық тізіліміне енгізілді.

Рөлдерде

Дереккөздер

Санат:Рон Ховард фильмдері Санат:1995 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:АҚШ тарихи фильмдері Санат:Imagine Entertainment фильмдері Санат:Universal Pictures фильмдері Санат:Деректі прозаның экрандалуы Санат:Ғарышкерлер туралы фильмдер Санат:Ай туралы фильмдер