Тұщықұдық — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Тұщықұдық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 79 км жерде, Бозащы түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан«Қазақ Энциклопедиясы», VIII-том.

Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 1998 2030 1908

Тарихы Іргесі 1973 жылы ауданда “Тұщықұдық” қаракөл қой кеңшарын құруға байланысты қаланған. 20 ғасырдың 90-жылдарының орта кезінде кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл маңында Ақтау – Қаламқас автомобиль жолы, мұнай құбыры, Еділ – Қаламқас су құбыры, жоғарғы кернеулі электр желілері өтеді.

Тарихи ескерткіштер Округ аумағында көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Бұл өңірде Ермағанбет молда, Қойсары Сарғожаев емші, Айдар ишан, Ержан хазірет, Төлеу Қалипа, Иса, Досан, Сүйінқара батырлар, Абыл, Сәттіғұл ақындар өмір сүрген.

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері