Поль Сезанн — француз кескіндемешісі.
Сурет салуда ол реализм мен импрессионизмнен бастап, кейін постимпрессионизмнің ең көрнекті өкілдерінің біріне айналды. «Сезаннизм» деп аталған стильге жол ашқаны кубизм стилінің пайда болуына зор ықпал тигізді.
Мәскеудің А.С. Пушкин мұражайында сақталған Марна жағалауы (1888) немесе Париждің Импрессионизм мұражайындағы Жол бұрылысы (1882) сияқты пейзаждарында суретші кеңістік пен уақыт бірлігін шынайылықпен бейнелейді.
Шабдалы мен алмұрттар (Мәскеу, 1888–1890), Алмалар мен апельсиндер (Париж, 1895–1900), Пердеше, көзе және табақша (Нью-Йорк, 1893–1894) атты еңбектері арқылы натюрморт жанрына терең философиялық мән-мағына мен зерделі толғаныс алып келді.
Карта ойнаушылар, Темекіші, Дәу қарағай сынды суреттер Сезанн шығармашылығының кемелденген шағында жасасған туындыларының санатына жатады. Бұл шығармалардан буырқанған күш-қуат пен өмірдің жойқын тынысы айқын сезіледі.
Галерея
Арт-нарықта Поль Сезанн Карта ойнаушылардың бес вариантын салған. Олардың біреуін 2011 жылы қатарлықтар 250 миллион доллардан астам бағаға сатып алған. Бұл кескіндеме өнеріндегі ең қымбат сатып алу болған.Art Media Agency (AMA), 250 M$, a new record for a painting? , 4 May 2011
Одан кейін Сент-Виктуар тауын бейнелейтін екі суретінің әрқайсысы 130 миллионнан астамға сатылған болатын.
Дереккөздер
Санат:Франция суретшілері