Касымалы Баялыұлы (; 25 қыркүйек 1902, Қотмалды мекені, қазіргі Көк-Мойнок ауылы, Ыстықкөл ауданы, Ыстықкөл облысы — 3 қыркүйек 1979) — қырғыз кеңестік жазушы, публицист, редактор және аудармашы. 1968 жылы Қырғыз КСР-інің халық жазушысы атағын алған. 1944—1947 және 1949—1955 жылдары Қырғызстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарған.
Өмірбаяны Касымалы Баялыұлы көшпелі малшы отбасында дүниеге келген. Ерте жастан жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленген. 1916 жылғы Орталық Азия көтерілісі кезінде көптеген босқындармен бірге Қытайға өтіп, Қазан төңкерісінен соң туған жеріне оралған.
Касымалы Баялыұлы құлақтарда батрақ болып жұмыс істеген. 1918 жылы жаяу Тоқмақ қаласына жетіп, әртүрлі күнделікті жалдамалы жұмыстар атқарған: дәріханада хабар тасушы, атбегі, әскери казармада асхана көмекшісі болған.
Касымалы Баялыұлы Баялинов 1919 жылы комсомол қатарына кіріп, Ташкент қаласындағы 6 айлық өлкелік совпарт мектебін бітірген. 1920 жылы Ташкентке педагогикалық курстарға жіберілген. 1921–1925 жылдары Алматыдағы қазақ педагогикалық техникумында оқыды, 1929–1933 жылдары Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінда білім алған.
Касымалы Баялыұлы 1920 жылы Нарын облысы кантонының комсомол комитетінде жұмыс істеген. 1925 жылы Мәскеудегі Центриздаттың қырғыз секциясына редактор болып жіберілген.
1926—1928 және 1935—1937 жылдары Киргосиздат бас редакторы қызметін атқарды. 1933–1935 жылдары Жеті-Өгіз ауданы аудандық газетінің редакторы болды. 1940 жылдан бастап Советтик Кыргызстан журналының бас редакторы, 1941 жылдан бастап Ысыккөл правдасы газетінің редакторы қызметін атқарған.
ҚКасымалы Баялыұлы 1944—1947 және 1949—1955 жылдары Қырғызстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 1947–1949 жылдары Қырғыз КСР Ғылым академиясының Қырғыз филиалы жанындағы Тіл, әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. 1955 жылдан бастап толықтай әдеби шығармашылыққа ден қойды.
Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесі IV шақырылымының депутаты болып сайланған.
1979 жылғы 3 қыркүйекте қайтыс болып, Ала-Арча зиратында жерленген.
Ұлы — М. Баялинов (1933—2019) — Қырғызстанның мәдениет саласының көрнекті қайраткері болған. 1972–1984 жылдары Қырғыз КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, 1985–1989 жылдары Мәдениет министрі қызметін атқарған, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағын алған.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Пржевал уезінде туғандар Санат:Бішкекте қайтыс болғандар Санат:Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті түлектері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Қырғыз жазушылары Санат:Қырғызстан жазушылары Санат:КСРО жазушылары Санат:Қырғызстан аудармашылары Санат:КСРО аудармашылары Санат:Орыс тілінен аудармашылар Санат:Қырғызстан редакторлары Санат:КСРО редакторлары Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:Соцреалист-жазушылар Санат:Ала-Арча зиратында жерленгендер