Макси Чай (Maxi Чай) — қазақстандық танымал суық шай бренді, Galanz Bottlers компаниясының негізгі өнімі. Бренд 2004 жылы іске қосылған және Қазақстан мен Орталық Азияда суық шай санатындағы көшбасшылардың бірі болып табылады.

Тарихы Galanz Bottlers АҚ 1998 жылы құрылған. 2004 жылы Қазақстан нарығында алғашқы суық шай — Maxi Чай шығарылды. Бренд көк шай және қара шайдың табиғи экстракттарынан дайындалады, әртүрлі дәмдерде (лимон, орман жидектері, шабдалы және т.б.) қолжетімді. Өнімдер пластикалық бөтелкелерде (0,5 л, 1,2 л, 2 л) шығарылады.

Тұрсынғали Алагөзов — Galanz Bottlers компаниясының негізін қалаушы және негізгі иесі, Maxi Чай брендінің авторы. Тұрсынғали Алагөзов 2025 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша елдің ең бай 75 кәсіпкерінің қатарына енген. Оның байлығы шамамен 130 миллион АҚШ долларына бағаланған.

2016 жылға дейін ол акциялардың 100%-дық пакетіне иелік етті. Алайда, жұбайы Ляйсира Маратпен ажырасу процесінің нәтижесінде активтер бөліске түсті: 43,25% — Ляйсира Маратқа (сыйға тарту шарты негізінде); 13,5% — туыстары мен сенімді тұлғаларына; 43,25% — Тұрсынғали Алагөзовтің меншігінде қалды.

2018-2020 жылдар аралығында компания Гүлмира Сатыбалдының бақылауына өте бастады. 2021 жылы кәсіпкер өз компаниясын қайтару үшін Қайрат Сатыбалдымен келіссөзге келіп, 29 млн доллар төлеуге міндеттелді. Оның 10 млн долларын қолма-қол өткізіп, қалған сомаға фиктивті қарыз шарттарын рәсімдеді.

Сот шешімдерінің нәтижесінде «Galanz Bottlers» АҚ-ның бақылау пакеті Тұрсынғали Алагөзовке қайтарылды. Кәсіпкер келтірілген материалдық және моральдық шығындарды өндіру және компанияның 90% үлесін толық заңдастыру процестерін аяқтады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алагузов «шай» бағытынан түсетін табыс 130–140 млрд теңге деңгейінде болады деп болжайды. Қазіргі уақытта өндіріс жеті брендті және алкогольсіз сусындардың шамамен 27 түрін қамтиды. Соған қарамастан, өнім тапшылығын жою әзірге мүмкін болмай отыр».

2025 жылы кәсіпкер Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылында орналасқан жаңа алкогольсіз сусындар өндіретін зауыттың іске қосылатынын жариялады. Зауыт индустриалды-логистикалық Damu Logistics орталығы аумағында орналасқан және шамамен 55 мың шаршы метрді алып жатыр. Кәсіпорын құрылысы 2024 жылдың тамыз айында басталып, шамамен бір жыл ішінде салынған. Зауытта заманауи өндірістік желілер орнатылып, теміржол инфрақұрылымы қарастырылған. Кешенде 200 адамды жұмыспен қамтып, өндіріс көлемін жылына миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Шымкент сыра зауытының негізінде ауданы 20 мың шаршы метр болатын жаңа цех іске қосылып, онда «Maxi чай» және Garden сусындары шығарыла бастады. 2026 жылы мұнда 60 миллион литр шырын құрамдас және шай сусындары өндірілуі тиіс, олар Өзбекстанға экспортқа жіберіледі.

Зауыт құрылысына жұмсалған жалпы инвестиция көлемі шамамен 45 миллион еуро болған. Жобаның шамамен 60%-ы компанияның өз қаражаты есебінен, ал 40%-ы жеткізушілермен жасалған бөліп төлеу келісімдері арқылы қаржыландырылған. Банктік несие қолданылмаған.

Инвестиция құрылымы: Француздық Sidel асептикалық желісі — ~14 млн еуро Қаптама өндірісін дамыту (бөтелке, қақпақ, жапсырма) — ~5 млн еуро Жер телімі (6 гектар) — ~3,5 млн еуро Инженерлік инфрақұрылым мен қуат көздерін кеңейту — қалған бөлігі

Дереккөздер

Санат:Алкоголсіз сусындар