Түймебас () – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанның барлық аймақтарындағы тау етегінде, тастақты беткейлерде, жазық жерлерде, сортаңды шабындықтар мен қияқөлең өскен батпақты жерлерде өсетін 16 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіні – тәжілік түймебас (S. coronata). Оның биіктігі 35 – 150 см. Тамыры жуан, сүректенген, бірнеше бөлікке тарамданған. Сабақтары бұтақты, қауырсын жапырақтарының шеті тілімделген. Қошқыл күлгін түсті гүлінің шеткілерінде аналық гүлдері орналасады, қалған бөлігіндегі гүлдері – қосжынысты, себет гүлшоғырына топталған. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады.Жемісі – қоңыр түсті, тықыр дәнек, айдары бар. Тәжілік Түймебас – дәрілік, шірнелі өсімдік және одан бояу алынады. Жетісу (Жоңғар), Теріскей және Іле Алатауларында өсетін жоңғар түймебасы (S. dshungarіca) – өте сирек кездесетін эндемикті түр ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.“Қазақ Энциклопедиясы”, VIII-том
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер