thumb|right|250px|Қабиден Әбуталиев

Қабиден Әбуталиев (12 қаңтар 1924 жыл — 23 қаңтар 1995 жыл) — Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері, Атырау өңірінің қоғам қайраткері.

Өмірбаяны 1924 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Бегайдар ауылында дүниеге келген (қазіргі Атырау облысы, Исатай ауданы аумағы). Руы — Кіші жүз құрамындағы Есентемір, Әжімбет аталығы.

1942 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, Қызыл әскер қатарында қызмет етті. Бірінші Украина майданы құрамында шайқастарға қатысты. 1943–1944 жылдары Қырым операциясы кезінде Сиваш бағытындағы ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, І топ мүгедегі болып елге оралды.

Соғыстан кейін еңбек жолын ауылдық дүкенде бастаған. Кейін Сарайшық және Чкалов ауылдық кеңестерінде есепші болып қызмет атқарып, осы салада зейнеткерлікке дейін еңбек етті. 1995 жылы 23 қаңтарда 71 жасында қайтыс болды.

Қызметі мен мұрасы Соғыстан кейін Қабиден Әбуталиев бірнеше ұжымшарды (Молшағыл, Партсъезд, Күкіртті, Бірлік) біріктіретін ауылдық кеңесте хатшы қызметын атқарды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосты.

Ел ішінде тапқыр, әзілқой, сөзге шешен адам ретінде танылған. Оның өмірден алынған қалжыңдары мен нақылға айналған сөздері халық жадында сақталған.

Марапаттары Отан соғысы ордені «Ұлы Жеңістің 20 жылдығы» медалі «Ұлы Жеңістің 30 жылдығы» медалі КСРО Қарулы Күштерінің мерекелік медальдары

Әдебиет Сәйпен Сидағалиев «Нарынның айтқыштары». Теңдік Жауырұлы «Атырау әзілқойлары» — «Ақ Жайық» ЖШС, Атырау, 2022.

Санат:1924 жылы туғандар Санат:1995 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының ардагерлері Санат:Атырау облысында туғандар