Ұйғырабат () — Қырғызстанның Ош облысының Араван ауданындағы ауыл. Халқы — 2807 адам (2026) Орналасуы Ұйғырабат Араван ауылынан 7 шақырым жерде орналасады. Өзбекстан шекарасына өте жақын орналасқан. Арақашықтығы 1,1 шақырым. Облыс орталығы — Ош қаласынан 33 шақырым жерде, ал Қырғыз Республикасының елордасы Бішкектен 313 шақырым қашықтықта жатыр. Теңіз деңгейінен биіктігі 602 метрді құрайды. Климаты Ұйғырабат климаты құрғақ континенттік болып келеді. Жазы ұзақ, ыстық әрі құрғақ, ал қысы салыстырмалы түрде жұмсақ. Жауын-шашын мөлшері аз, негізінен көктем мезгілінде түседі. Жаз айларында ауа температурасы кей жылдары +39°C-қа дейін жетеді. Ұйғырабад Ферғана аңғары аймағында орналасқандықтан, климаты егіншілікке қолайлы болып саналады. Дереккөздер
Санат:Араван ауданы елді мекендері