«Мандалорлық пен Грогу» () — режиссер Джон Фавро түсірген ғарыштық вестерн жанрындағы американдық көркем фильм. Бұл жоба «Жұлдызды соғыстар» франшизасының бір бөлігі болып табылады және «Мандалорлық» (2019–2023) сериалының сюжетін жалғастырады. Фильмдегі басты рөлді Педро Паскаль сомдады. Фильмнің АҚШ-тағы премьерасы 2026 жылдың 22 мамырында өтті.
Сюжеті Фильмде Мандалорлық пен Грогудың бастан кешкен шытырман оқиғалары баяндалады. Империя құлағанымен, оның әскери қолбасшылары галактиканың кейбір бөліктерін әлі де өз бақылауында ұстап отыр. Қайта жаңғырған Жаңа Республика көтерілісшілер күрескен құндылықтарды қорғауға тырысады. Осы мақсатта олар белгілі бас кесер аңшы, мандалорец Дин Джарин мен оның жас шәкірті Грогуды маңызды тапсырманы орындау үшін жалдайды.
Рөлдерде Педро Паскаль — Мандалориялық / Дин Джарин Грогу Сигурни Уивер — полковник Уорд Джереми Аллен Уайт — Ротта Хатт Джонни Койн Стивен Блум — Зеб Оррелиос Мартин Скорсезе — Хьюго Дюрант
Өндірісі 2019 жылдың қарашасында Walt Disney Studios компаниясының бас креативті директоры Алан Хорн егер «Мандалорец» телехикаясы сәтті шықса, оның кейіпкерлері қатысатын толықметражды көркем фильм түсірілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
2024 жылдың қаңтарында Джон Фавроның «Мандалорлық пен Грогу» фильмінің режиссері әрі продюсері болатыны ресми түрде жарияланды.
Фильмнің түсірілім жұмыстары 2024 жылдың жазында басталды. Премьера 2026 жылдың 22 мамырына жоспарланған.
2024 жылдың тамызында фильмге Сигурни Уивердің түсетіні белгілі болды.
Дереккөздер
Фильм Санат:«Жұлдызды соғыстар» туралы фильмдер Санат:Lucasfilm фильмдері Санат:2026 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Джон Фавро фильмдері Санат:2026 жылғы фантастикалық фильмдер Санат:Телехикаялар желісімен түсірілген фильмдер Санат:АҚШ сиквел-фильмдері