Махамбетов Әсет Кеңесбекұлы (1991 жылы туған) — қазақстандық ядролық инженер, мемлекеттік қызметкер. 2025 жылғы 25 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

2014 жылы АҚШ-тағы Пенсильвания мемлекеттік университетін (The Pennsylvania State University) «Ядролық инженерия» (Nuclear Engineering) мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын АҚШ-тағы Пенсильвания мемлекеттік университетінің Breazeale ядролық зерттеу реакторында бастап, кейін Қазақстанның атом өнеркәсібі мен энергетика саласындағы ұйымдарында түрлі инженерлік және басқарушылық қызметтер атқарған.

Өмірбаяны

Білімі

2014 жылы Пенсильвания мемлекеттік университетін (The Pennsylvania State University, АҚШ) «Ядролық инженерия» (Nuclear Engineering) мамандығы бойынша бітірген.

Қызметі

Breazeale ядролық зерттеу реакторы, Пенсильвания мемлекеттік университетінің Radiation Science and Engineering Center орталығы (АҚШ) — тағылымдамадан өтуші, реактор операторы, аға реактор операторы (03.2012–12.2014); Назарбаев Университеті жанындағы «National Laboratory Astana» жеке мекемесі — зерттеушінің көмекшісі (03.2015–06.2015); «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — Ядролық-отын циклі блогындағы түрлі, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған (06.2015–02.2020); Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары (03.2020–08.2020); «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС — түрлі, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған (11.2021–04.2023); «Самұрық-Қазына» АҚ — Тау-кен активтері секторындағы түрлі, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған (04.2023–05.2024); «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ядролық-отын циклі жөніндегі басқарушы директоры (05.2024–04.2025); Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (25.04.2025 жылдан бастап).

Дереккөздер