Аютас ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы әкімшілік бірлік.
Тарихы Аютас ауылдық округі 1997 жылы 12 ақпанда құрылды. Құрамына таратылған Марьев және Тереңсай ауылдық округтері еніп, орталығы Сергеев қаласында болды.
2001 жылы Ленин ауылы Ысқақ Ыбыраев ауылы болып өзгертілді.
2003 жылы Сергеев қаласы округ құрамынан шығарылып, Қаратал ауылы округ орталығы болып белгіленді.
2008 жылы Чапаев ауылы Мерген ауылы болып өзгертілді.Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің тарихы бойынша анықтамалық (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2007 ж.)
Әкімшілік құрамы Құрамына Қаратал, Ақанбарақ, Көктерек, Мерген, Ысқақ Ыбыраев ауылдары кіреді. Орталығы – Ысқақ Ыбыраев ауылы.
Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2681 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Шал ақын ауданы ауылдық округтері