Қайрат Қапарұлы Айтуғанов (12 сәуір 1962 жыл, Ленинградское, Ақжар ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер, агроном ғалым, инженер-экономист, 2026 жылдан бастап «Ауыл» партиясының төрағасы және партия атынан сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты. Экономика ғылымдарының докторы.
Өмірбаяны Қайрат Айтуғанов 1962 жылы 12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылында дүниеге келген.
1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын, 1990 жылы Мәскеу қаласында ауыл шаруашылығы экономикасының Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтын (күндізгі аспирантура), 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — агроном ғалым, инженер-экономист. Экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1979 жылы Көкшетау почтамты тасымалдау цехының операторы болып бастаған.
1984–1985 жылдары — Целиноград ауыл шаруашылық институты Көкшетау филиалының кафедра ассистенті.
1985–1986 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды.
1987–1989 жылдары — Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қарабұлақ совхозының агрономы, аға агроном-тұқым өсірушісі, бас экономисі.
1989–1990 жылдары Мәскеу қаласында Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институты күндізгі аспирантурасының аспиранты болды.
1990–1992 жылдары — Көкшетау облысы Қызылту аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қызылту аудандық әкімшілігі экономика комитетінің төрағасы.
1992-1996 жылдары — Көкшетау қаласында орналасқан «Тұмар» өндірістік-коммерциялық бірлестігінің коммерциялық директоры, «Ақ-Селеу» ЖШС директоры.
1996-1997 жылдары — Көкшетау облысы әкімі аппараты экономикалық саясат және аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.
1997 жылы — Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары.
1998 жылы — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау бөлімінің бастығы.
1998–2002 жылдары — «Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ қаржы-экономикалық департаментінің директоры, қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары.
2003–2005 жылдары — «Қазақстан Фермерлер одағы» вице-президенті.
2005–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының орынбасары, департамент директоры, аппарат басшысы.
2006–2007 жылдары — Халықаралық қайта құру және даму банкі (Дүниежүзілік банк) «Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау» жобасының жетекшісі.
2007–2011 жылдары — «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ департамент директоры, қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасы.
2011–2012 жылдары — «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2012–2013 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2013–2015 жылдары — «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2015–2016 жылдары — «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РҚК төрағасының орынбасары.
2016–2018 жылдары — Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, сонымен бірге «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» директорлар кеңесінің мүшесі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2018–2022 жылдары — «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы.
2020–2026 жылдары «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары болса, 2026 жылдан бастап — «Ауыл» партиясының төрағасы.Ауыл партиясы. Басшылық
2026 жылы тамызда «Ауыл» партиясы атынан Құрылтай депутаты болып сайланды.
Марапаттары «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі, «Тыңға 50 жыл» медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті түлектері Санат:Алматы энергетика және байланыс университеті түлектері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары Санат:Ауыл партиясының мүшелері