Мұхаммед Неджати Шашмаз (; 1971 жылғы 15 желтоқсанда туған, Харпут, Түркия) — түрік актері, сценарийші, кинопродюсер және кәсіпкер. Ол «Көкжалдар мекені» (Kurtlar Vadisi) телехикаясындағы басты кейіпкер Полат Алемдар рөлі арқылы кеңінен танымал болды.Necati Şaşmaz (Polat Alemdar) Biyografisi – Pana Film Resmi Web Sitesi. Arxivтелген 2011.

Өмірбаяны Шашмаз Түркияның Харпут өңірінде дүниеге келген, шыққан тегі күрд-заза отбасынан тарайды.Necati Şaşmaz'ın kökeni ve aile yapısı üzerine röportaj. Hürriyet Gazetesi, 2006.Elazığ Harputlu Şaşmaz ailesinin soyağacı ve tarihi. Milliyet Haber, 2012. Ол Абдулкадир және Сахила Шашмаз жұбының ұлы. Оның Раджи Шашмаз (сценарист, продюсер) және Зүбейр Шашмаз (режиссер) есімді екі ағасы бар.

Негізгі мамандығы туризм саласы болып табылатын Шашмаз бастауыш және орта білімді туған жерінде алды. Түркияда университет емтиханынан өте алмаған соң, ол алдымен Канадаға, кейіннен АҚШ-қа аттанды. Америкада 6 жыл бойы тұрып, онда жұмыс істеуге және тұруға рұқсат беретін грин-карта (Green Card) иегері атанды. 1999 жылғы Гөлжүк жер сілкінісінен кейін Күтахья қаласында 28 күндік қысқартылған мерзімді әскери міндетін өтеді. 2001 жылы Түркияға отбасына қыдырып келген ол, кейін кері қайту үшін 2001 жылдың 11 қыркүйегіне ұшақ билетін сатып алады. Алайда АҚШ-та орын алған 11 қыркүйек лаңкестік оқиғаларына байланысты ол мінген ұшақ Америкаға жете алмай, кері қайтуға мәжбүр болады. Осы оқиғадан кейін отбасының қауіпсіздікке алаңдап, Түркияда қалуын өтінген соң, ол Америкаға қайтудан біржола бас тартады. Біраз уақыт Украинада тұрған Неджати Шашмаз кейіннен Түркияға біржола оралады.Necati Şaşmaz'ın 11 Eylül uçağı ve Amerika günleri. Sabah Gazetesi, 2004.

Мансабы Түркияда өмірін жалғастыруды ұйғарған Неджати Шашмаз Анкара қаласында сақтандыру агенттігін ашады. Көп ұзамай ол ағасы Раджи Шашмаз арқылы танымал режиссер Осман Сынавпен сұхбаттасуға шақырылады. Ол бұл кездесуге тек сценарий жазу ісіне қатысу туралы ұсыныс түсетін шығар деген оймен барады. Алайда Осман Сынав оған: «Біз жаңа үлкен хикая бастағалы жатырмыз, мен сені басты рөлде көріп тұрмын», — деп күтпеген ұсыныс тастайды. Бұл туралы ойлануға уақыт алған Шашмаз, бір айдан соң ұсынысты ресми түрде қабылдайды.Osman Sınav'ın keşfi: Көкжалдар мекені қалай басталды? Milliyet Sinema, 2005.

Осылайша Неджати Шашмаз өз өмірін түбегейлі өзгерткен «Көкжалдар ,мекені» жобасын бастайды. Актер кейінгі сұхбаттарында бұл рөлден кейін өзінің жеке өмірі қалмағанын айтқан: «Анкараға барсам мені тек өз атыммен атайды, ал Ыстанбұлда бәрі мені Полат деп шақырады», — деп өз әсерін білдірген.

2009 жылы ол елдегі қоғамдық-саяси ақпараттарды тарататын «Yazete» жаңалықтар сайтын ашты.Necati Şaşmaz'ın yeni medya yatırım: Yazete portalı açıldı. Hürriyet Teknoloji, 2009.

2013 жылы Түркия үкіметі Ыстанбұлдағы Гези паркі оқиғаларына байланысты туындаған мәселелерді шешу мақсатында елдің танымал өнер адамдарынан құралған делегацияны қабылдады. Бұл делегация құрамында Хасан Качан, Хюлья Авшармен бірге Неджати Шашмаз да болды. Кездесуден кейін оның баспасөз өкілдеріне берген ресми мәлімдемесі қоғамда түрлі пікірталастар тудырып, Твиттер (қазіргі X) әлеуметтік желісінде үлкен серпіліс туғызды.Gezi Parkı heyeti Başbakanlık kabulü: Necati Şaşmaz'ın açıklamaları. Cumhuriyet Gazetesi, 2013.

Дереккөздер

Санат:1971 жылы туғандар Санат:Түркия актерлері Санат:Түркия продюсерлері