Шекер (Sheker) — Қазақстанның орыс тіліндегі криминалдық драма жанрындағы веб-сериалы. Режиссері — Айтөре Жолдасқали. Хикаяда басты рөлдерді Азат Жұмаділ мен Аңсар Ілиясов сомдаған.
Желісі Сериалда университеттен шығарылу қаупіне тап болған студент Алдиярдың өмірі баяндалады. Қаржылық мәселелерін шешу үшін қаражат іздеген ол пара беруге шешім қабылдайды, алайда қатаң мінезді әкесінен көмек сұрай алмай, есірткі саудасы әлеміне араласып кетеді. Есірткі тасымалдаушысы болып жұмыс істей бастаған Алдияр жеңіл ақша мен табысқа жету иллюзиясы оның моральдық ұстанымдарын көлеңкеде қалдыратын қауіпті ортаға тез бойлайды.
Оқиға желісінің даму барысында Алдияр өз таңдауының салдарымен бетпе-бет келеді. Оған қылмыстық орта өкілдері қысым көрсетіп, полицей қызметкері одан ақша бопсалайды. Оның өмірі қысқа уақыт ішінде түбегейлі өзгеріп, Алдияр жақындарымен қарым-қатынасын қоса алғанда, барынан айырылу қаупіне тап болады.
Рөлдерде Азат Жұмаділ — Алдияр, Алдик Аңсар Ілиясов — Кана Шәріп Серік — Айдос, жемқор полиция қызметкері Мәдина Кәкімсейітова — Мәдина, Алдиярдың қызы Маржан Қазыбаева — Алдиярдың анасы Әйгерім Жүнісова — Әсел, Алдиярдың апайы Нышанбек Жұбанаев — Қуат, клубтың қожайыны Азамат Шарғын — Бауыр, Қуаттың күзетшісі Бекарыс Ахметов — Дэн, бармен Әмина Қасынова — Сәбина, Кананың қызы
Өндірісі 20 қазан 2020 жылы бірінші маусым Salem Social Media студиясының YouTube арнасына жүктелді.
Екінші әрі соңғы маусымы 2021 жылғы 5 тамызда YouTube желісінде жарық көрді.
2024 жылы 7 қарашада хикаяның оқиғасын жалғастыратын «SHEKER. Соңғы мүмкіндік» фильмі Қазақстан кинотеатрларында прокатқа шықты.
Марапаттары мен номинациялары ЖылСыйлықНоминацияНәтиже2021LA Indie Film FestҮздік веб-хикаяКөрермендер таңдауыҮздік актерлік ансамбльҮздік актрисаҮздік актерҮздік режиссерҮздік сценарийKick Ass сыйлығыCannes International Series FestivalҮздік қысқаметражды хикаяAsia Contents AwardsҮздік қысқаметражды фильм/веб-драмаҮздік дебютант актер2022die SerialeҮздік веб-хикаяҮздік актерҮздік дыбыс әрленіміҮздік визуалды эффектілер2023Қазақстанның Nauryz ұлттық телехикаялар сыйлығыҮздік саундтрекСериалы от Salem social media получили 6 главных наград национальной ТВ-премии.
Бөлімдердің тізімі Маусым Серия Көрсетілу күндері Алғашқы сериясы Соңғы сериясы 1 8 20 қазан 2020 2 ақпан 2021 2 12 5 тамыз 2021 28 қазан 2021
1-маусым Жалпы № Серияның № Атауы Режиссер Сценарист Экранға шыққан уақыты Көрермендер (млн адам)
2-маусым Жалпы № Серияның № Атауы Режиссер Сценарист Экранға шыққан уақыты Көрермендер (млн адам)
Сын 2022 жылы webproject.media порталы «Шекерді» көруге тұрарлық Қазақстанның 15 хикаяның тізіміне енгізді. 2023 жылы сәуірде кино сыншылары Кәрім Қадырбаев пен Василий Корецкий Қазақстан киносының тарихына арналған мақаласында «Шекер», «Сержан Братан» және «5:32» хикаяларымен қатар Қазақстан ТВ басты жетістіктер мен серпінді веб-хикаялардың қатарына қосты. Ал сол жылдың қарашасында «Шекер» ресейлік онлайн-кинотеатр Okko-ның нұсқасы бойынша «XXI ғасырдағы көруге тұрарлық қазақ хикаяларының топ-10» тізімінде екінші орынға ие болды. Бірінші орында «Патруль» хикаясы болды.
Тағы қараңыз Сәке (хикая) Патруль (хикая)
Дереккөздер
Санат:Қазақстан телесериалдары