Валентин Яковлевич Басин (28. 3.1923, Украина, Донецк облысы Артемов қ. – 5.11.2004, Алматы қ.) – заң ғылымдарының докторы (1964), профессор (1966), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984).
2-дүниежүз. соғысқа қатысқан және Кеңес армиясы (1941–1946) қатарында болған. Алматы заң институтын бітірген (1949). Еңбек жолын Алматы заң мектебінде бухгалтер, оқу ісі меңгерушісінің міндетін атқарушы, оқытушы, аға оқытушы (1947–1955), ҚазМУ-да (1955–2004; қазіргі ҚазҰУ) доцент, проф., кафедра меңгерушісі, декан болып қызмет атқарды.
1964 ж. «Проблемы советского жилищного права» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ғыл. жұмыстарында шаруашылықты жүргізудің құқықтық пішімдері мен келісімшарттық тәртіпті нығайту шараларын зерттеді. Қазақ КСР-і Азаматтық құқығының негізгі бөлімдерін жазуға қатысқан авторлардың бірі (1978, 1980).
«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:28 наурызда туғандар Санат:1923 жылы туғандар Санат:Артемовта туғандар Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Алматы заң институты түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан заңгерлері