Сыйлықақы – біренеше мағынадан ұратын сөз. еңбек қатынасында – қызметтің белгілі бір саласындағы жетістік үшін ақшалай немесе басқа да материалдық көтермелеу; бағалы қағаздар рыногында – опционды сатып алушы оны сатушыға бағалы қағаздарды, тауарларды бірнеше уақыт кезеңі бойына күні бұрын белгіленген бағамен сату немесе сатып алу жөніндегі сатып алынатын құқық үшін төлейтін сома; сақтандыруда – сақтанушы сақтандырушыға өзінің мүлкін сақтандырғаны үшін төлейтін ақшалай сома (сақтандыру сыйлықақысы), баға құралымында – белгілі бір тауардың бір бағасының екінші бағасынан, атап айтқанда, нақты бағаның атаулы бағадан асып түсу шамасы; биржада – бір баға екінші бағадан жоғары болатын шама. Осыдан келіп, сыйлықақы неғұрлым жоғары баға бойынша деген мағынаны білдіреді. Мысалы, бір мезгілде жеткізілетін тауардың бағасы екінші мерзімде жеткізілетін тауардың бағасынан жоғары; бір нәрседен (бағадан, т.б.) тыс төленетін сома. Мысалы, биржалық келісімшартта көзделгендегіден неғұрлым жоғары сападағы тауарды сатып алу кезінде сапа үшін биржада белгіленген бағаға қосымша сыйлықақы төленеді; тауарларды (бағалы қағаздарды) тіркелген бағамен сатып алу немесе сату құқығын бергені үшін биржалық келісімшарт құнына қосылған үстеме ақы.

Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том