Йом-Киппур соғысы — 1973 жылғы 6–25 қазан аралығында Израиль мен Мысыр және Сирия бастаған араб мемлекеттерінің коалициясы арасында болған қарулы қақтығыс. Шайқас негізінен Израиль 1967 жылғы Алты күндік соғыс кезінде басып алған Синай түбегі мен Голан жоталарында жүрді
Соғыс 1973 жылғы 6 қазанда, еврейлердің қасиетті Йом-Киппур мерекесі мен мұсылмандардың Рамазан айының оныншы күні тұспа-тұс келген. Осыған байланысты араб тарихнамасында бұл қақтығыс «Рамазан соғысы» деп те аталады.
Мысыр мен Сирия қарулы күшпен Израильді жеңе алмады. Соғыстан кейін Израиль мен Мысыр, сондай-ақ Израиль мен Сирия арасында әскерлерді ажырату туралы келісімшарттар жазылынды. Кейіннен бұл соғыс 1979 жылы Израиль мен Мысыр арасындағы бейбітшілік келісіміне қол қоюға ықпал етті. 1982 жылғы 26 сәуірге қарай Израиль әскерлері Синай түбегінен толық шығарылып, Мысыр мен Израиль арасындағы аумақтық дау негізінен шешілді.
Дереккөздер
Санат:Израиль соғыстары Санат:Мысыр соғыстары Санат:Сирия соғыстары