Балатопар — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Балатопар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Бақанас ауылының солтүстік-батысында 170 км жерде, Кішітопар өзенінің сағасына таяу, құрғақ агроклиматты белдемде орналасқан. Балатопардың төңірегінде Іле өзені атырауынан бөлініп қалған кішігірім көлдер көп.

Тарихы Іргесі 1958 жылы қаланды. Бұрынғы “Құйған” кеңшарының орталығы болған. Ауылда бірнеше шаруа қожалықтары мен кооперативттік ұйымдар құрылған.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18361917 1593 83,1 956 821 85,9 961 772 80,3

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, т.б. мекемелер бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы елді мекендері