Тебенсай – Шалқар алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 135 км, су жиналатын алабы 3790 км².

Бастауы Мұғалжардың оңтүстік-шығыс беткейіндегі (Жұмырсай ауылы тұсында) бұлақтардан басталып, Қопасор көліне құяды.

Гидрологиясы Қар суымен толығады. Көктемде ағыны молайып, жазда иірімдерге бөлінеді. Жылдық орташа су ағымы 0,60 м³/с. Мал суаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы