Квасов Игорь Львович (1939 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) – ветеринария ғылымының докторы (1988), профессор (1991). (1962) Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. (1962–68) Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында мал дәрігері, лаборант, аспирант, (1969–1991) Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында аға лаборант, аға ғылыми қызметкер, ғылыми-өндірістік бөлімнің бас маманы болып істеді. (1991) жылдан қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Квасов 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар