Жолдасбай Ералиев (1934, Түркістан ауданы Шорнақ ауылы – 1997) – КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1957 ж. Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, Киров ауданы Победа кеңшарында аға инженер-механик болып істеді. Мақтарал кеңшарының бас инженері, XX партсъезд атындағы кеңшардың бас инженері, директоры қызметтерін атқарды. Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Тұлғалар