нобай|Ә.М. Аюлов Әбілмәжін Мұсайыпұлы Аюлов (1966 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Володар ауданы, (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы) Қопа) — ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты (1995), доцент (1997), экономика ғылымдарының докторы (2008), профессор (2009), Гуманитарлы-техникалық академияның ректоры(2007).
Өмірбаяны 1990 жылы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының ауылшаруашылық механизация факультетін үздік аяқтады. 1990-92 жылдары Көкшетау ауыл шаруашылығы институтында ассистент. 1992-95 жылдары Ақмола ауылшаруашылық институтының ЭММ кафедрасындағы күндізгі бөлім аспирантурасының аспиранты.
1995-96 – «Экономикалық теория және кәсіпкерлік» кафедрасының аға оқытушысы, С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауылшаруашылық институтының экономика факультетінің деканы. 1996 жылдан бастап Гуманитарлық-техникалық академияда (бұрынғы атауы –Көкшетау экономика және менеджмент институты) қызмет атқарып келеді. 1996-1997 жылдары экономика және менеджмент кафедрасының доценті. 1997-2000 жылдары — «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі. 2000-04 жылдары —Экономика факультетінің деканы. 2004 жылдан бастап — бірінші проректор. 2007 жылдан Көкшетау экономика және менеджмент институты ректоры.
Ғылыми еңбектері 360-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монография мен 17 оқу құралының авторы. Оқу құралдары:
Стратегиялық менеджмент, 1999;
Өндірістік менеджмент, 1999;
Қазақстан экономикасы: соңғы жылдардағы даму нәтижелері, 2003;
Экономикалық теория негіздері (оқу құралы), 2005;
Ауыл шаруашылығындағы техникалық сервис жүйесі: ұйымдастырушылық-экономикалық аспект (монография), 2007;
Ауыл шаруашылығындағы техникалық сервисті ұйымдастыру және ұйымдастыру (оқу құралы), 2008;
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мәселелері (монография), 2011;
Ауыл шаруашылығында машинаны пайдалану мен техникалық сервисті ұйымдастыру (ғылыми басылым), 2011;
Қазақстан экономикасын басқару (оқу құралы),2013;
Қазақстан және оның өңірлерінің экономикасы (оқу құралы), 2013;
Шаруа-фермер қожалықтарының климаттың өзгеруіне технологиялық бейімделуі (монография), 2014;
Экономикадағы статистикалық әдістер (оқу құралы), 2015;
Adobe Captivate (I бөлім) бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, электрондық білім беру курсын әзірлеу жөніндегі әдістемелік құрал, 2016;
Жоғары оқу орындарына арналған электрондық оқулық әзірлеу жөніндегі әдістемелік құрал, 2016;
Экономикадағы математикалық және статистикалық әдістер (оқу құралы), 2016;
Электрондық оқыту: ЖОО-да қолдану және енгізу жөніндегі нұсқаулық (оқу құралы), 2016 және т.б.
Марапаттары
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі (2005). «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2015). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2005), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен (2004 ж., 2022 ж.), Қазақ КСРО ЛКЖО (1985), БЛКЖО ОК (1986) Құрмет грамоталарымен марапатталды"Қазақ Энциклопедиясы". Дереккөздер
Санат:1966 жылы туғандар Санат:Айыртау ауданында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Көкшетау экономика және менеджмент институты профессорлары Санат:Көкшетау ауыл шаруашылығы институты түлектері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері