Демесін Бекболатұлы Әлкенов (1934 ж.т., Сандықтау ауданы Новый городок а. - 2014) — еңбек ардагері, теміржолшы.
Еңбек жолын Целиноградтағы т.ж. уч-щесін бітіргеннен кейін паровоз машинисінің көмекшисі ретінде бастады. Одан кейін паровоз машинісі (1950), тепловоз машинисі (1963), электровоз машинісі болып жұмыс істеді.
Целиноград облысы к-ті мен облысы атқару к-тінің «Қажырлы еңбек» кітабына енгізілген.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендері, медальдармен марапатталған. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1985)."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:5 мамырда туғандар Санат:1934 жылы туғандар Санат:2014 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Астана темір жол училищесі түлектері