Көкжайық — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Көкжайық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 52 км, Зайсан көлінен солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде, Көкпекті өзенінің сол жағасындағы құрғақ дала белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1648 1081 995 92 550 515 93,6 547 480 87,8

Тарихы Iргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 1997 жылға дейін Ивановка деп аталып келді. 20 ғасырдың 30-жылдарының басындағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде ұжымшар және Көкпекті ауылдық кеңесінің орталығы болды. 1961 жылы тың жерлерді игеру кезінде ұжымшар негізінде ұйымдастырылған Буденный атындағы сүт бағытындағы сиыр өсіру кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылы кеңшар негізінде “Диқаншы” ЖШС-і құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда байланыс бөлімшесі, орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Көкпекті ауданы елді мекендері Санат:XX ғасырда құрылған елді мекендер