БАЙБОЛОВ Сайлаубек Дүйсембекұлы (1940 ж.т.) – қайраткер. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын шахтада жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары партия органдарында жауапты қызметтер атқарған. Алексеев ауданы партия к-тінде 2-хатшы, Ақмола облысы атқару к-ті төрағасының орынбасары болды. Ақмола облысы мәслихатының депутаттығына сайланған.
Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Санат:Тұлғалар