Айдарлы (2017 ж. дейін — Кеңес)Жамбыл облысының ауылдық округі мен кейбір ауылдарды қайта атау туралы — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Кеңес ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағалауында, қамыс, құрақ аралас, сирек тоғай өскен шалғынды сұр, сортаңды сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19961907 2065 108,3 963 1090 113,2 944 975 103,3

Тарихы Іргесі 1961 жылы «Айдарлы» қаракөл қойын өсіретін кеңшар ретінде қаланды. Оның негізінде Кеңесте «Айдарлы» өндірістік кооперативі және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы елді мекендері