Сарымойын – Тобыл және Торғай өзендері аралығындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы жерінде.

Гидрографикасы Ауданы 126 км2, ұзындығы 21,4 км, ені 6,2 км, ең терең жері 1,2 м. Деңгейінің жылдық ауытқуы 2 м-ге жетеді. Су мол жылдары Жаркөлге қосылады. Көлге Ащысу өзені құяды.

Жағалау сипаты Жағалауы қатты тілімделген. Қар, жер асты суымен толығады. Деңгейінің жылдық ауытқуы 2 м-ге жетеді. Су мол жылдары Жаркөлге қосылады. Көлге Ащысу өзені құяды. Жағалауында қамыс өседі, суымен шабындық суғарылады. Көлде табан, алабұға, қарабалық бар. Атырабында мемлекеттік Наурызым қорығы орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Науырзым ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы Санат:Торғай су алабы