Жерлеу рәсімі - қайтыс болған адамды жер қойнына беруге арналған ережелер жиынтығы. ӘР халықта, әр мәдениетте жерлеу рәсімі әртүрлі болып келеді. Олардың ортақ ерекшелігі, қайтыс болушыға құрмет көрсету, марқұмның денесін өз мәдениеті бойынша дұрыс жерлеу, жақындарына көңіл айту.
Қазақ халқының қаза болған адамды жерлеу турасында ғасырлар бойы қалыптасып, тұрмыста бекем орын алған қағида-ережелері бар. Олар Қазақтың тарихи дәстүрлерімен, құндылықтар әлемімен, символды түсініктерімен тығыз байланысты. Жаңа замандық тұрмыс тіршілік ерекшелігі де жерлеу рәсіміне ықпал еткен. Кейбір жағдайда діни идеологияның да әсері көрінеді.
Қазақтың жерлеу рәсімі Қазіргі кездегі жерлеу рәсімінде ұлттық дәстүр ерекшеліктері сақталған. Дегенмен ислам дінінің кейбір ерекшеліктері, мысалы Құран бағыштау бар, сондай-ақ Қалаласуға байланысты кейбір жаңа замандық белгілер де бар. Жерлеу рәсімідерін жасауға мүмкіндік болмайтын түрлі апат жағдайларынан (соғыс, жаппай ауру-эпидемия), мәйіттің жекелеген түрлерінен (өлі немесе тірі туған нәресте, т.б.) жағдайларынан басқа жерлеу рәсімі туысқандарының шешімі бойынша қазақ халқында негізінен бірыңғай, жалпыға бірдей орындалады.
Қазақтың жерлеу рәсімі үлкен жағынан былай өтеді: Қайтыс болушыны жақындарына көрші үлкен кісілер жиналып естіртеді. Марқұмның отбасының оң жағына киіз үй тігіліп, оның оң жағына қайтыс болушыны сонда жатқызып, басына шырақ жағады. Шырақ ешқашан өшпеуі керек. Түнде жақындары күзетеді. Күндіз де бақылайды. Ыстық жағдайда мұз қойылады. Дегенмен Қазақстан климатында Киіз үй салқын болады. Марқұмның туыстары, жақындары ойбауырымдап келеді (атпен шауып келеді). Әйелдер жоқтау айтады. Бірақ өзара жұбату сөздер айтылады. Келушілер марқұмның отбасымен ақылдасады, алыс-жақыннан келетін адамдарды орналастырады, ас-суын даярлайды. Жағдайға қарай, жақындарының келуіне қарай марқұмды 2-3 күн түнетеді. Мәйіт жерлеу алдында үш рет арулап жуылып, маңдайы, иығы, алақаны, қол-аяқтары майланып, иіс су себіліп, басы құбылаға қарата жатқызылады. Содан соң мәйітті кебіндеп, беті киіз не кілеммен жабылған соң, қазаға жиналғандар жаназа шығарылады. Жерлеген кезде топырақ салады. Бұрынғы түркі халықтары салты бойынша марқұмның басы шығысқа қаратылған, күн шығып келе жатқан шығысты қасиеттеуге қатысты болса керек. Бірақ кейінгі Ислам дінінің ықпалында басы батысқа қарап жатқызылатын болды. ҚАбірдің де бірқанша түрлері бар. Көп кездесетіні жанақымы бар қабыр. Жер жағдайына қарай кей жерде қабір ішін ағашпен көтереді. Биік, еңселі етіп көтеріп, басына Құлыптас қояды. Онда көбінесе марқұмның аты-жөні, туған, қайтқан уақыты жазылады.
Сосын 7 күннен кейін Жетісін, қырық күннен кейін Қырқын, бір жылдан соң Жылдығын береді. Маңызды адам болса бірнеше жылдан соң асын береді. Асында тұлдаған атын сояды. Жақындарына тәбәрік таратады. Әр таң сайын жақындары марқұмның қабірі басныа барып, дұға бағыштайды, тілек тілейді.Қазақ энциклопедиясы,3 том
Қазақтың дәстүрлі жерлеу салты Арыздасу (ант мезгілі) Ауру адам әл үстінде жатқан кезде ағайын-туғандары онымен қоштасып, соңғы арыз-тілегін, арман-өсиетін тыңдайды.
Атаукере ішккізу Әл үстінде жатқан адамға соңғы рет "атаукере" ("кере") деп аталатын арнайы тамақ дайындалып беріледі.
Имансу Өлгелі жатқан адам еститіндей етіп, оның қасындағы адам иман кәлималарын айтып отырады. Аузына "имансуды" ұрттатады, не тамызады.
Өлген адамның денесін сақтау және күзету Адам жан тәсілім еткен соң, көзін, аузын жауып, тілі шықпас үшін иегін таңып, аяқ-қолын созып, үйдің оң жағына бетін құбылаға қаратып, шалқасынан жатқызып, киімдерін шешіп, үстін ақ шүберекпен жабады.
Сүйекке түсу Сүйекке түсушілер дәрет алады және өлік денесін үш аударып тазалап жуады. Құрғақ шүберекпен сүртіп кебінге орайды.
Жаназа шығару Ақыреттелген денені үйден шығармас бұрын "ысқат" оқып, оның күнәсін тірі адамға аударады. Бұдан соң кілемге орап, бас жағын алға ұстап, сыртқа алып шығып, жаназасын оқиды.
Жерлеу Қайтыс болған адам негізінен ата-баба, ру бейітіне жерленеді.
Үші. Жетісі. Қырқы. Жүзі. Жылы. Ас Ат жалын тартып мінген жігіттен бастап 63 жасқа жетпеген кісіні қайтыс болған кезде тек жылы ғана өткізіледі, одан асса асы өткізіледі.
Естірту Ет жақын бауыры өлген кісіге төтесінен бастамай, тұспалмен айтып, қаралы хабарды жеткізеді.
Көңіл айту Әрбір бас көтерер адамның қаралы үйге келіп, қаза иелеріне көңіл айтуы парыз саналады.
Жоқтау Жоқтауды тек әйелдер айтады. Әрбір бас көтерер адамның қаралы үйге келіп, қаза иелеріне көңіл айтуы парыз саналады.
Жетісі, қырқы, жылдығы, асы
Дереккөздер==
Санат:Салт - дәстүр