Сары теңіз () — Тынық мұхиттың Азия жағалауында орналасқан. Аумағы 416 мың км². Орташа тереңдігі 40 м, ең терең жері 106 м. Ірі шығанақтары: Бохайвань, Ляодун және Батыс Корей; бұғаздары Бохай, Лаотешань, т.б. Сары теңізге Хуанхэ, Хайхэ, Ляохэ, Ялуцзян (Амноккан) өзендері құяды. Суының температурасы ақпанда 0 — 8°С, тамызда 24 — 28°С. Тұздылығы 26‰-тен 34‰-ке дейін ауытқиды. Толысуы жарты тәуліктік (3 — 4 м-ден 9 м-ге дейін). Теңізден балық, шаян, т.б. ауланады. Негізгі порттары: Тяньцзинь, Яньтай, Циндао, Далянь, Люйшунь (Қытай), Нампхо (КХДР), Инчхон (Корея Республикасы). Санат:Сары теңіз