Владимир Александрович Ким (25.12.1922 жылы туған, Ресей, Приморье өлкесі, Находка қаласы) – заң ғылымының докторы (1963), профессор (1967).

1946 - Бүкілодақтық заң институтын бітірген. 1947-1950 - Алматы заң мектебінде оқытушы, 1950-1952 - КСРО ғылым академиясының Мемлекеттік және құқық институтында аспирант, 1952-1957 - Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық секторында аға ғылыми қызметкер, 1970-1976 - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі бастығының орынбасары, 1976-1982 - Қарағанды политехникалық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) қызметтер атқарды. [1982 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі.

Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі тақырыбы кеңестік мемлекеттік құқық меселесіне арналған. Кимнің 100-ден астам ғылыми мақаласы және 5 монографиясы жарық көрген.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:1922 жылы туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар