Қалдыбай Махатайұлы Мадибраимов (30.4.1958 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шетбұлақ елді мекеніОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ ) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2001).

1975 жылы Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Аса ауылының орта мектебін бітірді. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1982). Еңбек жолын интернатурада білім ала жүріп, Жамбыл облыстық балалар емханасының (1982-1987) хирургия бөлімінен бастады. 1987 – 89 жылы Алматыдағы Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында дәрігер, директордың орынбасары, 1989 – 92 жылы Мәскеу қаласында аспирантураны бітіріп, медицина ғылымдарының кандидаты атағын алды. 2001 жылы бүйрек ауруларын емдеудің жаңа тәсілдері бойынша докторлық диссертация қорғап, Мәскеу қаласында клиникалық орталықта қызметке қалдырылды. Қазіргі таңда 2006 жылдан бастап Алматы қаласы «ҰОС ардагерлері емханасында» қызмет атқарады, емхананың Бас дәрігері. 100-ге жуық ғылыми мақалалары, 5 монографиясы жарық көрген.Қазақ энциклопедиясы 2009 жылы «Шапағат» медалімен марапатталды.

Дереккөздер

Санат:30 сәуірде туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Жуалы ауданында туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстан урологтары Санат:Шапағат медалінің иегерлері