Иван Владимирович Кирилюс (30.4.1926 жылы туған, Украина, Запорожье облысы Нововасильевка ауданы Марьяновка селосы) – химия ғылымының докторы (1983), профессор (1987). 1951Қырым педагогикалық институтын бітірген. 1951-1954Қарағанды медицина училищесі мен 1954-1960Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, 1960-1983Қазақстан ҒА-ның Химия-металлургия институтында аспирант, ғылыми жұмыстар жөнінде директордың орынбасары, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1983 жылданОрганикалық синтез және көмір химиясы институты директорының орынбасары, 1983-1985бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Кирилюстің ғылыми еңбектері негізінен органикалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеп, оларды электрокатализдік синтез арқылы алу технологиясын жасады. Кирилюс 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 монографияның авторы.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Ғылым