Қопа — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Қопа ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Хромтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1226 адам (583 ер адам және 643 әйел адам) болса, 2009 жылы 814 адамды (398 ер адам және 416 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 723 адамды (368 ер адам және 355 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1964 жылдан қой өсіретін кеңшар орталығы болды. Оның негізінде Қопада және Амангелді, Тамды ауылдарында ӨК және шаруа қожалықтары құрылған.

Дереккөздер

Санат:Хромтау ауданы елді мекендері