Шамалған — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Шамалған ауылдық округі орталығы. 2010–2017 жылдары Үшқоңыр деп аталған.Бұл Ауылда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Туған
Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1001313616 28644 210,4 6706 14040 209,4 6910 14604 211,3
Тарихы Іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда, Айқым және 2013 жылға дейін Шамалған ауылдық округі құрамында болған Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім Шамалған атауы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы және Алматы облыстық маслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы N 28-179 шешімімен Үшқоңыр деп өзгертілген болатын "Алматы облысындағы ауылдық округтің және ауылдың атауларын өзгерту туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы, алайда 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XIX сессиясы шешімімен ауылдық округ пен ауылға бұрынғы Шамалған атауы қайтарылды Үшқоңыр Алатаудың қойнауында
Көпшілік-танымдық орындары "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы Шамалғанда «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды; "Үшқоңыр" спорттық-сауықтыру кешені Назарбаев «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
Галерея
Дереккөздер
Санат:Қарасай ауданы елді мекендері