Өжет би, Уцзюту (т.ж. б. – б.з.б. 33 ж. ө.) – үйсін мемлекетінің кіші күнбиі (б.з.б. 51 – 33). Оңғай бидің ғұн әйелінен туған баласы. Тарихы Оңғай би өлген соң, оның ғұн әйелі мен қытай ханшасынан туған балаларының арасында тақ таласы басталады. Оған Хань империясы араласып, қытай ханшасынан туған Янғұйды үлкен күнби, ал ғұн әйелінен туған Өжет биді кіші күнби етіп, Үйсін мемлекетін екіге бөледі. Осы тұста екі күнби арасындағы бақталастық үйсін елін әлсіретті.Қазақ энциклопедиясы, 7том Дереккөздер

Санат:Тарих