Оңғарбай кесенесі – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасырдың архитектуралық ескерткіші.
Орналасқан жері Мойынқұм ауданы орталығы Мойынқұм ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км қашықтықта, Шу өзені аңғарында, ескі бейітте орналасқан.
Сипаты 1890 жылы халық шебері Таласбаев балшық және күйдірілген кірпіштен салған. Мазардың маңдайалды халықтық мемориалдық ғимарат дәстүрінде өрнектелген. Құлау жағдайында тұр, жоғарға күмбезі, беталды кіреберісі, ішкі сылағы бүлінген, батыс бетіне терең сызаттар түскен, өрлік бедерлері өшкен. Қабырғасы 23×23×4 см, бұрыштары 23х33х4 см шаршы кірпіштерден қаланған. Күмбезі 1986 жылы металл қаңқалармен бекітіліп, сырты кірпіштен жапсыра қаланды. Бір камералы шаршы мазар сфералы конустық күмбезбен жабылған. Күмбезде жарық түсетін саңылаулар бар. Басты кіру есігінің жан-жағы терең ойықтармен салынған, иірлі сатылы бұрыштары мұнараланған. Солтүстік-шығыс маңдайалды – шағын диаметрлі, тұтас және биік. Мазар салынған кезде бас кіреберіс есігі аяқталмай қалған. Күмбезге жалғана кіретін тұстарында кірпіш шығынқы қаланып, олар бұрыштардағы көлденең ағаштардың үстінен өткізілген. Кіреберістің екі жағына мұнара баспалдақтарына қарай ойықтар жасалған. Қабырғасы балшықпен сыланған, бұрынырақ дастарқан жанында пиала ұстап, самауырға жақын отырған адам бейнесімен және арабша оюлармен безендірілген.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жамбыл облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері