Рублёвка — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы — Смирново ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде, Ақсуат көлінің шығысында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1055 адам (524 ер адам және 531 әйел адам) болса, 2009 жылы 812 адамды (406 ер адам және 406 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1929 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1929—96 жылдары Ленин атындағы ұжымшардың (кейіннен кеңшардың) орталығы болған. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Рублевка арқылы Петропавл — Көкшетау автомобиль жолы өтеді.Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Дереккөздер

Санат:Аққайың ауданы елді мекендері