Алакөл (Долбушка) — Тобыл өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровской ауылының солтүстік-батысында 4 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 11,7 км2, теңіз деңгейінен биіктігі 168 м. Ұзындығы 4,5, енді жері 3 км, жағалауының ұзындығы 13 км. Көл суы жаз айларында тартылып, сортаңды, батпақты болады.

Жағалау сипаты Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Оңтүстік-шығысын (қарағай, қайың) аралас орман алқабы алып жатыр.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Меңдіқара ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы