Сайлау Ахметұлы Бабаев(1942 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымның докторы (1996). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық аграрный университеті) бітірген. Республикасының картоп және көкөніс шаруашылықтын тәжірибе ст-нда кіші, аға ғылыми қызметкер (1967–1980), Қазақ картоп және көкөніс ғылым-зертеу институтында бөлім меңгерушісі (1980–1989) болды. 1989 жылдан осы институттың директоры қызметін атқарды. «Проблемы развития зернопродуктового комплекса Республики Казахстан в условиях перехода на рынку» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Бабаев 62 ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 авторлық куәлік пен 4 патенттің авторы. Шығармалары: Основы организации семеноводства картофеля и индустриальная технология его возделывания в Казахстане, А.-А., 1983; Продуктивность и степень поражения вирусными болезнями оздоровленного картофеля в процессе его репродуцирования, А., 1994. Безрассадная технология выращивания пробирочных растений на основе биотехнологии и получения меристемных клубней, А., 1993; Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар