Шлыгина Вероника Федоровна (12.2.1927 жылы туған, Алматы) – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1964). Қазақ КСР-і Геология министрі.
Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1950, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық унивeрситеті) бітірген. Тақырыптық партиясында инжинер, гидрогеологиялық партиялар тобының техникалық жетекшісі (1950–1964), Қазақстан ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі қызметтерін (1964–1998) атқарған.
Шлыгинаның қатысуымен Қазақстандағы аса ірі Алматы, Талғар, Покровское жер асты суының кен орындары барланып, бекітілді. 160-тан астам ғылыми жарияланым мен 12 монографияның авторы.
Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980).Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер:
Санат:12 ақпанда туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан геология министрлері Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері