Владимир Николаевич Кусов - (24.5.1916, Ресей, Омбы қаласы – 24.6.2007, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1972).

2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1940 - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1947-1972 - Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылыми кеңесші (1984 жылдан), 1972-1984 - Татарстанның Қазан малдәрігерлік институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1970 жылы «Клещи орнитодирины Казахстана (Фауна, распространение, экология, вредоносность и меры борьбы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері арахноэнтомология мәселелеріне арналған.

Кусов қора кенелерінің, т.б. мал энтопаразиттерінің фаунасы мен экологиясын зерттеп, олардан арылу шараларын ұсынған.

2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:24 мамырда туғандар Санат:1916 жылы туғандар Санат:Омбыда туғандар Санат:24 маусымда қайтыс болғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:II Дүниежүзілік соғысы Қазақстан ардагерлері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері